Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы орташа жөндеуден өтті
Жамбыл облысында «Алматы – Ташкент – Термез» (Ескі Қордай асуы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының 159-214 шақырым аралығындағы таңдамалы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа берілді.
Жөнделген жолдың ұзындығы 20 шақырым. Жоба аясында жол жабыны мен су өткізгіш нысандары жаңартылып, орнатылды. Жол белгілері мен таңбалары жаңартылды.
Аталмыш учаскедегі жөндеу жұмыстары жол қозғалысына қатысушыларға қолайлы жағдай жасап, өткізу қарқындылығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.


