Солтүстік Қазақстан облысында «Жезқазған – Петропавл» автожолының 706–746 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған – Петропавл» автожолының 706–746 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды.
Жобаның аясында жолдың негізі салқын қайта өңдеу әдісімен жаңартылды. Бұл асфальт жабындысының беріктігі мен ұзақ қызмет ету мерзімін арттырады. 40 шақырымда екі қабатты асфальтбетон төселіп, жол жиегі күшейтілді. Сонымен қатар, жолдан кіріс бөлігі мен демалыс алаңдары жөнделді. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи автопавильондар жаңартылып, жаңалары орнатылды.
Жөнделген учаске бойына жаңа жол белгілері орнатылып, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жол таңбалары салынып шықты.
Жөндеу жұмыстары көлік қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, өңірдегі елді мекендер арасындағы қатынастың сапасын жақсартуға септігін тигізеді.


