Қазақстан Футбол Федерациясы мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Қазақстан Футбол Федерациясы мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы екі ұйым арасындағы өзара байланыс пен бірлескен жұмысты нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды. Құжатқа Федерацияның басқарушы директоры Бекжан Қанатбекұлы Сафинов пен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Серікұлы Иманашев қол қойды.
Меморандумда тараптардың тең құқылық, ашықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қағидаттарына негізделген әріптестік қатынастар орнату ниеті бекітілген. Құжатта негізгі ынтымақтастық бағыттары айқындалған, оның ішінде елімізде футболды дамыту және оны кеңінен насихаттау саласындағы іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ бірлескен бастамалар аясында ақпарат алмасу мәселелері қарастырылған.
Құжатқа қол қою Қазақстан Футбол Федерациясы мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы арасындағы әріптестік қатынастардың жаңа кезеңін айқындап, еліміздегі футбол қозғалысын ілгерілетуге бағытталған кешенді жұмысты жалғастыруға негіз қалады.


