icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

"Күрті-Бұрылбайтал" күре жолының Ақсүйек ауылынан Қаншеңгел ауылына дейінгі аралығында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды

Алматы облысында орналасқан жол бөлігінің жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайды. Жол "Орталық-Оңтүстік" көлік дәлізіне жатады.

Мамандар жаңа асфальт төсеп, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етті. Жол нысанында 8 көпір салынып, 70-ке жуық су өткізгіш құбыр орнатылды. Күре жол пайдаланушыларының ыңғайы үшін 4 демалыс алаңы бар.

Қазір мердігер ұйым жоспарда бекітілген соңғы жұмыстарды орындауда: арнайы тосқауыл қоршаулары мен қажетті жол белгілерін орнатып, жол таңба сызығын сызуда және т. б.

Биылғы жылдың соңына дейін күре жол учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр.