icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

А-16 "Жезқазған-Петропавл" тас жолының  150 шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылды

Биыл жолшылар А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолының бірқатар учаскесін жөндеуге кірісті. Жөндеу жұмыстары Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының аумағында жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен қамтылған учаскелердің жалпы ұзындығы 150 шақырымды құрайды.

Күре жолдың Уәлиханов ауылынан Державинск қаласына дейінгі;
Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі;
Сергеевка ауылынан Николаевка ауылына дейінгі;
Ұлытау аудан орталығынан Арқалық қаласына қарай апаратын жол бөліктерін толық жөндеу көзделген.

"Жезқазған-Петропавл" тас жолы 1960 жылдары салынған. Содан бері ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілмеді.

Жоғарыда Қостанай облысының аумағы бойынша жүргізілген жөндеу жұмысының нәтижесі көрсетілген (атап айтқанда Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол аралығы).