icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Жол қозғалысына қатысушыларға үндеу

Алдағы мереке күні республикалық автожолдар желісінде көлік қозғалысы қарқындылығы артады деп болжануда.

Ұлттық компания республикалық маңызы бар күре жолдар желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдауда. Жолшы мамандар жолдарды қадағалауды күшейтіп, қиын жағдайға тап болғандарға жан-жақты көмек көрсетпек. Жол қызметтері күшейтілген режимге көшті.

Сонымен қатар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының басталғанын еске саламыз. Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы әлі де құбылмалы болады. Ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа-райы мен жолдардағы ахуалды нақтылау қажет. Бұл ақпаратты 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып, білуге болады.

Сондай-ақ көліктің жай-күйін тексеріп, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет.

Жолда абай болыңыз!