icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз-релизіне ресми жауап

6-наурыз күні ҚР Бас көлік прокуратурасының сайтында «Прокуратура жолдың ақылы учаскесінде кәсіпкерлерден сома алуды тоқтатты» атты баспасөз релизі жарияланған.
Аталмыш релизде ұсынылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ атынан ресми жоққа шығарылады.

Былтыр Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығымен Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім (бұдан әрі - бұйрық) қабылданды.

Бұйрықтың 1-бабы, 3-тармағына сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - Көкшетау қаласының шегінде орналасқан 304-шақырым.

Бұйрықтың 3-тармағының 2-қосымшасына сәйкес, аймақ – жүк көтергіштігі мен автокөлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір ставкасы бар ақылы учаскенің жол сегменті.

Осылайша, Көкшетау-Петропавл автомобиль жолының учаскесі 3 аймаққа бөлінген: 1. км 304 – 354 (50 км); 2. км 354 – 443 (89 км) және 3. км 443 – 473 (30 км).
Бұл ретте, аталған учаскеде ақылылық енгізілгеннен кейін бірінші аймақ бойынша екі бағытта да барлық сегментті өтпеген Көкшетау қаласының тасымалдаушылары тарапынан ұжымдық шағым түсті.

Компания шұғыл әрекет етіп, мәселемен Көлік прокуратурасы айналыса бастағанға дейін жағдайдың толық мән-жайын анықтауға кірісті. 2023 жылғы 3 қарашада жергілікті атқарушы органдардың және Бизнестің (тасымалдаушылардың), сондай-ақ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының (бұдан әрі-Филиал) өкілдерімен бірлесіп, кездесу өтті. Онда қатысушылар бақылау аркаларының орналасуын қайта қарау бөлігінде бұйрық талаптарын өзгерту туралы Көлік министрлігіне ұсыныстар енгізу туралы уағдаласты.

2023 жылғы 20 желтоқсанда Филиал атына Көкшетау қаласының көлік прокуратурасының «Көкшетау-Петропавл» ақылы автожолы бойынша жол жүру сомасын есептеу мәселесі бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы негіздемелік ұсыныс келіп түсті.

Көкшетау қ. көлік прокуроры өз ұсынысында жол жүру үшін бұрын есептелген сомалардың күшін жою жөнінде шаралар қабылдауды, тек нақты жол жүру үшін ақы алуды көздеуді, арка құрылымын «анықталған бұзушылықтар» жойылғаннан кейін ғана пайдалануға беруді талап етті.

2024 жылғы 4 қаңтарда ұсыныста баяндалған дәлелдермен келіспей, Филиал Бас көлік прокурорының атына тиісті шағым жолдады. Шағым бойынша ҚР КМ автомобиль жолдары Комитеті өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді және Көкшетау қ. көлік прокуроры талаптарының негізсіздігі көрсетілді. Кейін, тараптардың өзара келісіміне сәйкес аталмыш шағым қайтарып алынды.

Компания жүргізушулердің пікіріне әрдайым құлақ асады және ашық диалог орнатуды қолдайды. Филиал мұндай мазмұндағы материалдар БАҚ беттеріне шыққанға дейін ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетіне аталмыш аймақты екіге бөлу бөлігінде бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жолдаған.

«Көкшетау-Петропавл» автомобиль жолының бойында бірнеше өндірістік нысандар бар екенін атап өткіміз келеді. Сол себепті әрбір съезде бақылау аркаларын орнату мүмкін емес.

Жүргізушілердің барлық талаптарын жүзеге асыра алмаудың объекивті себептері бар. Жол ақысын есептеу және алу бұйрық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Автомобиль жолдарының учаскелерін пайдалану туралы» бұйрықтар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және әділет органдарында тіркеледі. Сонымен қатар, міндетті түрде жұртшылық пен бизнес өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Сондай-ақ, аталған 605 пайдаланушыға қатысты (берешегі 3,5 миллион теңге) қаражатты өндіріп алу туралы шешім әлі жойылған жоқ, ҚР Көлік министрлігі біржақты шешім қабылдағанға дейін уақытша тоқтатылды.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы ҚР Көлік министрлігімен келісу барысында.