icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Біз туралы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайтын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор. Ұлттық операторға халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау және автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуды бақылау функциялары жүктелген. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ақылы жолды ұйымдастырушы компания.

Миссиясы

Өңірлерді байланыстыру, экологияға қамқорлық жасау және мемлекет шығындарын азайта отырып, барлық автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін жылдам, қауіпсіз және жайлы жол жүруді қамтамасыз ету.



Біздің қызметіміз

Біз зияткерлік көлік жүйелері саласындағы заманауи шешімдерді ұсынамыз. Оның ішінде: жабық, гибридті және ашық төлем алу жүйелері. Ашық код пен микро сервистік сәулетке негізделген жеке бағдарламалық жасақтама. Біздің жүйелер Қазақстанның 4 ақылы учаскелерінде қолданылады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері, сауда орталықтары, ақылы автотұрақтар және ақылы автомобиль жолдарына автомобиль көлігінің кіруін/шығуын бақылауды ұйымдастыру үшін шешімдерді ұсынамыз.

Біздің жетістіктеріміз

13192 шқ

Салынған жолдар

819 шқ

Күрделі жол жөндеу жұмыстары

9122 шқ

Орташа жол жөндеу

3251 шқ

Жолды қайта құру

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 3 221 км 17 ақылы учаске жұмыс істейді, оның ішінде: ұзындығы 2 161 км 1 техникалық санаттағы 11 учаске, ұзындығы 1060 км 2 және 3 техникалық санаттағы 6 учаске.

Бірінші ақылы учаске – "Астана – Щучинск". Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап ақылы негізде "Астана – Теміртау", "Алматы – Қорғас" және "Алматы – Қонаев" жолдары іске қосылды.

2021 жылдың 23 қарашасынан бастап ақылы негізде "Астана - Павлодар", "Тараз - Қайнар", "Шымкент - Қызылорда", "Шымкент - Тараз", "Шымкент - Өзбекстан шек.", "Қонаев - Талдықорған" және "Щучинск - Көкшетау" жолдары іске қосылды.

2023 жылы кезең-кезеңімен 8 қазан мен 1 желтоқсан аралығында "Павлодар-Қалбатау"; "Бейнеу-Ақжігіт", "Орал-Самара"; "Павлодар-Омбы"; "Көкшетау-Петропавл"; "Орал-Саратов"автожолдарының тағы 6 ақылы учаскесі ақылы негізде іске қосылды.

Республикалық маңызы бар автомобиль жол дарының бойында 1 274 бірлік немесе 83% жол бойындағы сервис объектілері ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.
Автожол пайдаланушыларына жолдар туралы өзекті мәліметтерді ұсыну мақсатында республикалық жолдар мен жол бойындағы сервис объектілерінің цифрлық картасын қамтитын қосымша (Sapar) әзірленді.