Біз туралы
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайтын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор. Ұлттық операторға халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау және автомобиль жолдары бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуды бақылау функциялары жүктелген. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ақылы жолды ұйымдастырушы компания.
Миссиясы
Өңірлерді байланыстыру, экологияға қамқорлық жасау және мемлекет шығындарын азайта отырып, барлық автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін жылдам, қауіпсіз және жайлы жол жүруді қамтамасыз ету.
Біздің қызметіміз
Біз зияткерлік көлік жүйелері саласындағы заманауи шешімдерді ұсынамыз. Оның ішінде: жабық, гибридті және ашық төлем алу жүйелері. Ашық код пен микро сервистік сәулетке негізделген жеке бағдарламалық жасақтама. Біздің жүйелер Қазақстанның 4 ақылы учаскелерінде қолданылады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері, сауда орталықтары, ақылы автотұрақтар және ақылы автомобиль жолдарына автомобиль көлігінің кіруін/шығуын бақылауды ұйымдастыру үшін шешімдерді ұсынамыз.
Біздің жетістіктеріміз
Салынған жолдар
Күрделі жол жөндеу жұмыстары
Орташа жол жөндеу
Жолды қайта құру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жалпы ұзындығы 4 883 км 26 ақылы учаске жұмыс істейді, оның ішінде:
ұзындығы 2 231 км 1 техникалық санаттағы 12 учаске, ұзындығы 2 652 км 2 және 3 техникалық санаттағы 14
учаске.
Бірінші ақылы учаске «Астана - Щучинск» автожолы 2013 жылы іске қосылды.
2019 жылдың қаңтарынан
бастап
ақылы негізде «Астана - Теміртау», «Алматы - Қорғас» және «Алматы - Қонаев» жолдары жұмыс істей
бастады.
2021 жылдың 23 қарашасынан бастап «Астана - Павлодар», «Тараз - Қайнар», «Шымкент -
Қызылорда»,
«Шымкент - Тараз», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы», «Қонаев - Талдықорған» және «Щучинск - Көкшетау» жолдары
ақылы негізде пайдалануға берілді.
2023 жылғы 8 қазан мен 1 желтоқсан аралығында тағы 6 учаске
кезең-кезеңімен ақылы негізде іске қосылды. Олар: «Павлодар - Қалбатау», «Бейнеу - Ақжігіт», «Орал -
Самара», «Павлодар - Омбы», «Көкшетау - Петропавл» және «Орал - Саратов» автожолдары.
2025 жылы ақылы
негізде «Қызылорда - Арал», «Қостанай – РФ шек. (Троицк)», «Ақтөбе – РФ шек. (Орынбор)», «Тараз қаласының
айналма жолы», «Балқаш - Бурылбайтал», «Шу - Бурылбайтал», «Қандыағаш - Мақат» және "Үшарал-Достық"
учаскелері қолданысқа берілді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жол дарының бойында 1 274 бірлік немесе 83% жол бойындағы сервис объектілері
ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.
Автожол пайдаланушыларына жолдар туралы өзекті мәліметтерді
ұсыну мақсатында республикалық жолдар мен жол бойындағы сервис объектілерінің цифрлық картасын қамтитын қосымша
(Sapar) әзірленді.


