icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Тәуекел басқару

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған тәуекел басқару және ішкі бақылау жүйесі қолға алынған.

Тәуекел басқару – стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару үдерісінің құрамдас бөлігі. Тәуекел басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісін және күнделікті қызметін қамтамасыз етуге арналған құрал.

ТБЖ негізгі мақсаты – қауіптер мен мүмкіндіктерді басқару тиімділігін арттыру. ТБЖ міндеттері: стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіретін оқиғалардың туындауын болдырмау, егер олар орын алса, мұндай оқиғалардың әсерін қолайлы деңгейге дейін төмендету, күтпеген жағдайларға тиімді әрекет ету және басқару, сондай-ақ жағдайларды және тиімді ішкі бақылау ортасын қамтамасыз ету.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ТБЖ құрылымы тәуекел басқарудың бірнеше деңгейінде көрсетілген.

Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін қадағалауда шешуші рөл атқарады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқармасы тәуекел басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға және корпоративтік саясаттың іске асырылуын және сақталуын қамтамасыз ету үшін тәуекел бақылау құрылымын құруға жауапты.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тәуекел басқару үдерісін ұйымдастыруға және үйлестіруге жауапты бөлім – Тәуекел басқару қызметі. Тәуекел басқару қызметінің басшысы – Саду Әйгерім Даурамбекқызы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 648742; +77019766677; e-mail: a.sadu@kazautozhol.kz.