icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Омбудсмен

Омбудсмен – Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға. Оның міндеті – өзіне жүгінген қызметкерлерге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтай отырып (қажет болған жағдайда құпияны сақтауды қоса алғанда), еңбек дауларына, жанжалға қатысушыларға кеңес беру және оларға талаптардың сақталуын ескере отырып, өзара қолайлы, конструктивті және орындалатын шешімді әзірлеуге көмектесуге, проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдемдесетін тұлға.

Омбудсмен жұмысында тәуелсіздік, бейтараптық, әділдік, құпиялық және бейресмилік сияқты негізгі қағидаттарды қолданады.

Омбудсменнің негізгі функциялары:

іскерлік этика кодексінің ережелерін сақтамау туралы ақпарат жинау; өзіне жүгінген қызметкерлерге, жанжалға қатысушыларға кеңес беру; қызметкерлердің әрекетіне (әрекет етпеуіне) және лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдеріне (актілеріне) қызметкерлердің өтініштерін қарау; қызметкерлерге жанжалдарды (дауларды) сот органдарына жіберілгенге дейін алдын ала шешуге көмектесу, соттан тыс реттеу; келіп түскен өтініштер бойынша жанжалды (дауларды) реттеу туралы лауазымды тұлғаларға ұсынымдар беру; жүйелі сипаттағы жанжалды (дауларды) шешу және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу; қоғам қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері арасында қажжетті конференциялар, кездесулер, консультациялар, талқылаулар өткізу, сонымен қатар, келіп түскен өтініштер бойынша қызметкерлерді тыңдау.

Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның омбудсмені болып Калимова Айдана Амангелдіқызы сайланды.

Кез келген қызметкер мен лауазымды тұлғаның еңбек заңнамасын, Қоғамның Іскерлік этика кодексінің ішкі процедуралары мен ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ корпоративтік жанжал мен мүдделер қақтығысына әкеп соғуы мүмкін фактілер мен жағдайлар бойынша Омбудсменге +7 (7172) 648-714 телефоны арқылы, сондай-ақ пошталық мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев көшесі 10, 3413 кабинетіне хабарласа аласыз.