Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті Қоғамның құрылтайшысы болып табылады.
Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (Жалғыз акционер) болып табылады.
ҚазАвтоЖол акционерлік Қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 27.02.2013 жылғы № 146 бұйрығына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталының мөлшері - 1 065 421 000 теңге.
2013 жылғы 10 маусымдағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. Шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі А5948.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 30.09.2013 жылғы № 768 бұйрығына сәйкес жарияланған акциялар саны 2 065 421 данаға дейін ұлғайтылды.
2013 жылғы 01 қарашадағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. Шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі А5948.
Қоғаммен 2 065 421 дана (екі миллион алпыс бес мың төрт жүз жиырма бір) қарапайым акция деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 04.04.2015 жылғы №226 бұйрығына сәйкес жарияланған акциялар саны 329 429 дана қарапайым акцияға ұлғайтылды.
2014 жылғы 18 сәуірдегі бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік. Шығарылымның мемлекеттік тіркеу нөмірі А5948.
Осылайша, жарияланған акциялардың жалпы саны 2 394 850 (екі миллион үш жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз елу) дана;
Орналастырылған акциялардың саны – 2 342 780 (екі миллион үш жүз қырық екі мың жеті жүз сексен) дана, оның ішінде қарапайым акциялар - 2 342 780 (екі миллион үш жүз қырық екі мың жеті жүз сексен) дана, артықшылықты акциялар - 0 (нөл) дана;
Орналастырылмаған акциялардың саны – 52 070 (елу екі мың жетпіс) дана, оның ішінде жай 52 070 (елу екі мың жетпіс) дана, артықшылықты акциялардың саны - 0 (нөл) дана;
Қоғамның жарғылық капиталы 2 342 780 мың теңгені құрайды.
2018 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Үкіметінің № 578 Қаулысымен орналастырылған акциялардың жалпы санының 100% мөлшерінде "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.