Басқарма құрамы
Иманашев Дархан Серікұлы
Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды обылысында дүниеге келген.
Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын «Болашақ» Қарағанды актуальді білім институтында тәмәмдаған. Техника ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласында жол шеберінен бастаған. «Қазавтожол» РМК, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған. Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.
Аманжолова Ажар Теміржанқызы
Ажар Теміржанқызы, білімі жоғары, Омбы мемлекеттік педагогикалық институтын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің кадр бөлімінің бас маманы, содан кейін автомобиль жолдары комитетінде кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2008 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің кадр жұмысы департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
2013 жылдан - "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ кадр және ұйымдастыру жұмысы департаментінің бастығы, директоры.
Мерейтойлық медальдармен, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің, Автомобиль жолдары комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Аппарат басшысы лауазымын атқарады.
Саканов Дархан Қуандықұлы
Дархан Куандықұлы 1981 жылы туған, 2003 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, 2006 жылы осы академия жанындағы "Жолдарды, метрополитендерді, әуеайлақтарды, көпірлер мен көлік тоннельдерін жобалау және салу" мамандығы бойынша аспирантураны бітірген, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет Академиясы "Мемлекеттік және муниципалдық басқару жөніндегі маман" мамандығы бойынша, 2017 жылдан бастап Беларусь ұлттық техникалық университетінің "Жобалау және құрылыс" мамандығы бойынша докторанты болып табылады "техника ғылымдарының кандидаты" дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2003 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында тағылымдамадан өтуші-оқытушы, ассистент болып бастаған.
Инженерден "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты"АҚ Астана филиалы директорының орынбасарына дейін еңбек жолын өтті.
Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағыты бойынша министрдің кеңесшісі, департамент директоры, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Пайдалану департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 11 наурыздан бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
Сағындықова Райхан Аманқұлқызы
Райхан Аманқұлқызы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтөбе қаласы "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ әкімшілік-қаржы бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2007 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың тамызына дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі қаржы департаментінің бухгалтер, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының сарапшысы болып жұмыс істеді.
Әр түрлі кезеңдерде ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас сарапшысы, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс жасады.
2022 жылғы 23 маусымнан бастап "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2024 жылғы 11 наурыздан бастап "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
Хамзин Сырым Ғазизұлы
Сырым Ғазизұлы 1993 жылдың 3 сәуірінде Қарағанды облысының Жаңаарқа кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, техникалық ғылымдардың магистрі:
2014 ж. Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, сәулет және құрылыс факультеті, мамандығы – құрылыс.
2016 ж. Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, сәулет және құрылыс факультеті, мамандығы – құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциясының өндірісі, техникалық ғылымдар магистрі.
2016 ж. Томск мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті, механика және технология факультеті, құрылыс мамандығының магистрі.
2020 ж. Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік және жол институтының автокөлік жолы факультеті, мамандығы – жол және әуеайлағы құрылысы.
Қызмет жолын 2011 жылы «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС жол жұмысшысы, кейіннен VI топтағы жұмысшыдан бастаған.
2014 - 2016 ж.ж. аралығында «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС бас инженер.
2016 - 2018 ж.ж. аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сапаны бақылау департаментінің инновациялық технологиялар басқармасының бас маманы.
2018 - 2018 ж.ж. аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ желіні дамыту департаментінің күрделі құрылыс басқармасының бас маманы.
2018 - 2019 ж.ж аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ техникалық саясат және сапа департаментінің сапаны бақылау басқармасының бас маманы.
2019 - 2022 ж.ж. аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының құрылыс және қайта жаңарту бойынша орынбасары.
2022 - 2023 ж.ж.аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры.
2023 ж. сәуірінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Шаймин Саят Қанатұлы
Саят Қанатұлы 1991 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Көлік құрылысы"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы "Қарағанды жолдары" ЖШС күрделі жөндеу бөлімінің маманы болып бастаған.Қарағанды қ.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Қарағанды қаласындағы "Қарағанды жолдары" ЖШС күрделі жөндеу бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2015 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласы, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Желіні дамыту департаменті күрделі жөндеу басқармасының бас менеджері болып жұмыс істеді
2019 жылдан 2021 жылға дейін "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысының орынбасары, Қарағанды.
2021 жылдан 2022 жылға дейін "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы, Қарағанды.
2022 жылдан 2023 жылға дейін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі.
2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді
"ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ Басқарма мүшесі болып 2023 жылғы 20 қазаннан бастап сайланды.
Имашев Серік Тимурұлы
Серік Тимурұлы 1988 жылы туған, білімі жоғары, 2010 жылы Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университетін "Құрылыс" мамандығы бойынша, Нью-Йорк қаласының Амбасадор Академиясын бітірген, МВА шебері дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы болып бастаған.
Жұмыс өтілі 13 жылдан астам, "SK Construction" ЖШС директорының орынбасары, "Tabys Investments "ЖШС жетекші маманы," ҚазМұнайГаз "ҰК АҚ жанындағы "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінде қызмет атқарды.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ қызметін 2018 жылы "Құрылыс дирекциясы" филиалының инженері болып бастады, Сыртқы займ департаментінің "Балқаш-Бурылбайтал" жобасының басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Бас инженері лауазымын атқарады.