Корпоративтік басқару
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, оның беделін нығайту және капиталды тарту шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады.
Корпоративтік басқару жүйесі төменде көрсетілген органдар бойынша өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бөліп қарастырады:
Жалғыз акционер;
Директорлар кеңесі;
Атқарушы орган;
Мүдделі тараптар;
Жарғыға сәйкес айқындалатын басқа да орандар;
Қоғамда корпоративтік басқару әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке, ашықтыққа, кәсібилікке және құзыреттілікке негізделген. Корпоративтік басқару құрылымы Қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге негізделген және Қоғамның табысты жұмыс істеуіне, оның ішінде оның құнының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен табыстылықты қолдауға ықпал етеді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 936 бұйрығымен бекітілген.
Кодекстің негізгі қағидалары:
билікті бөлу қағидасы;
Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау қағидасы;
Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының тиімді басқару қағидасы;
тұрақты даму қағидасы;
тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит қағидасы;
корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу қағидасы;
Қоғам қызметі туралы ақпаратты ашудағы ашықтық пен объективтілік қағидасы.