Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – қызмет) "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-ның (бұдан әрі-Компания) директорлар кеңесіне есеп беретін ұйымдық бағынысты және атқарымдық түрде компанияда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін органы болып табылады. Қызметтің қызметіне жетекшілік етуді Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Қызметтің миссиясы директорлар кеңесі мен басқармаға Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша олардың міндеттерін орындауда қажетті көмек көрсету болып табылады.
Қызмет әрекетінің негізгі мақсаты директорлар кеңесіне компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және айқын кепілдіктер мен кеңес беру болып табылады.
Қызметтің негізгі функциялары:
Аудиторлық тексерулер аудит жөніндегі Комитет мақұлдаған және Компанияның директорлар кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Аудит жөніндегі Комитет алдын ала қараған қызметтің жұмысы туралы есептер директорлар Кеңесіне тұрақты негізде ұсынылады.
Қызмет қызметкерлері үздіксіз кәсіби даму мақсатында оқыту іс-шараларына қатысады, осылайша өз білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін үнемі жетілдіріп отырады.
Қызмет өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Компания органдарының шешімдерін, қызмет туралы ережені және Компанияның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Сондай-ақ, қызметтің жұмысы ішкі аудиторлар институты (Тһе Institute of Intemal Auditors Inc) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына негізделеді.
Қызметпен Қызмет жұмысын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды енгізу және тұрақты жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Қызметтің ішкі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін барлық өзгерістерді Компанияның директорлар Кеңесі бекітеді.
Жедел телефон желісінің нөмірі – +7 (7172) 64-87-99