icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Сыртқы аудит

Қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ (бұдан әрі - қоғам) тәуелсіз аудиторлық ұйымы мен  біріге отырып жұмыс жасайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Директорлар Кеңесінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі №36/170 шешімімен бекітілген "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес және бағалық ұсыныс негізінде «RSM Qazaqstan» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымымен 2022 жылға қаржылық есептіліктің аудиті бойынша қызметтерді сатып алу бойынша шарт жасалды.

Қоғамның қаржылық есептілігінің сыртқы аудиті бойынша қызметтер көрсетті:

2018 – 2021 ж.ж. дейін- "KPMG Аудит" ЖШС 2022 ж. - " RSM Qazaqstan " ЖШС.

Қаржылық есептілік аудиті қызметтері үшін сыйақы мөлшері - Шартқа сәйкес қаржылық есептілік аудиті қызметтері үшін аудиторлық ұйымға төленетін жыл сайынғы сыйақы мөлшері: 

2021 жылы – 33 264 000 (оның ішінде ҚҚС) теңге; 2022 жылы - 20 720 000 (оның ішінде ҚҚС) теңге;

Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес сыртқы аудитор көрсететін қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтердің және ілеспе қызметтердің тізбесі:

Барлық елеулі аспектілерде ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында тұтастай қоғам бойынша және сенімгерлік басқару бойынша қаржылық есептілікті тексеру және аудит:


ҚЕХС сәйкес дайындалған қоғам бойынша тұтастай алғанда 2022 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті; бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін тізбеге, нысандарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсаттары үшін жылдық қаржылық есептілік форматында дайындалған қаржылық есептілік аудиті.

Бағасы қызметтердің жалпы құнына қосылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу шеңберінде ілеспе қызметтер көрсету:

бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды бағалау (оның ішінде, қорларды есепке алу тәртібін бағалау, активтер мен міндеттемелерді бағалау және қайта бағалау, дебиторлық және кредиторлық берешекті тауарларды, жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушілермен салыстырып тексеруді қоса алғанда, активтер мен міндеттемелерді түгендеу жүргізу әдістері мен рәсімдері); бағдарламалық-техникалық жабдықтаудың  жағдайын  және ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің сенімділігін бағалау; бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде анықталған ұрлау (алаяқтық) жағдайлары мен қателеріне баға беру; Қоғам қызметінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; Қоғамның қаржылық есептілігіне қатысты ескертулерде ашуларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; - салық есебін бермей  2022 жылға қаржы жылына жыл сайынғы салық шолуын жасау. Салықтық шолуды жүргізу бухгалтерлік және салықтық рәсімдерді (әсіресе салықтық тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігі неғұрлым елеулі болатын мәселелерді) қозғауы тиіс; кеңес беру  бойынша есептерді бермей аудит барысында бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша консультациялар жүргізу; қаржылық есептілікті жасауға байланысты мәселелер бойынша Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің нақтылығын  бағалау; - бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға байланысты мәселелер бойынша Қоғам филиалдарының қызметін бақылауды ұйымдастыруды бағалау; ішкі аудит қызметінің жұмысын бағалау; қатысушыларға мынадай тақырыптар бойынша сертификат бере отырып, Қоғам қызметкерлері үшін жылына кемінде 20 академиялық сағат көлемінде семинарлар өткізу: "ХҚЕС-тегі өзгерістерге шолу»; Қоғаммен келісілген басқа тақырыптар бойынша; ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге шолу; 2022 жылдардағы аудит нәтижелерін қоғамның талабы бойынша басшылыққа және директорлар Кеңесіне/Қоғамның аудит жөніндегі комитетіне таныстыру.