Екі кезеңді конкурс тәсілімен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін инвестициялық жобаны іріктеу жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық конкурс өткізу бойынша хабарландыру (7 лот)
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) (010000 Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А ресми сайт: www.qaj.kz ) екі кезеңді конкурс тәсілімен (7 лот) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін инвестициялық жобаны іріктеу бойынша инвестициялық конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А, 33-қабат, 3316 кабинет, 2020 жылдың 8 шілде сағат 15 сағат 00 минутқа дейін Конкурс ұйымдастырушыға Конкурсқа қатысушылар тарапынан қолма-қол немесе тапсырысты поштаны қолдану арқылы жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімді берген кезде конкурсқа қатысушылар өкілдерінің тендерлік өтінімнің ашылу рәсіміне қатысуға және конкурсқа қатысуға құқығы бар тұлғаға (тұлғаға) берілген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы керек (директор - тағайындау тәртібі). Екі кезеңді конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға өтінімдер салынған конверттер Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО, Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А, 35-қабат, конференц-залда 2020 жылғы 8 шілдеде сағат 17 сағат 00 ашылады.
1 Кезең |
40 күнтізбелік күн Өтінімдерді қабылдау және техникалық сипаттаманың талаптарына сәйкес прототип орнату |
5 жұмыс күні Конкурстың бірінші кезеңін қорытындылау
|
2 Кезең |
10 күнтізбелік күн Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарын беру, Конкурстың бірінші кезеңінен өткендер үшін 10 жұмыс күні Келісім-шарттарды жасасу |
5 жұмыс күні Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарын қарау және конкурстың нәтижесін шығару |