Қызығушылық білдіруді сұрау "С" және "D" санатындағы жол бойындағы сервис объектілері құрылысының инвестициялық жобасы бойынша «C» и «D»
4 Ақпан 2020
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының аясында жол бойындағы сервис нысандарын дамыту үшін жол саласына инвестициялар тартуда (жол бойында орналасқан және жол бойында пайдаланушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар немесе құрылыстар).
Жобаның шарттары:
«С» және «D» санатындағы ұлттық стандартқа ҚР СТ 2476-2014 сәйкес жол бойындағы кешендердің құрылысы. «С» санатындағы жол бойындағы қызмет көрсету келесі объектілерді қамтиды: сауда орны, тамақтану пункті (15 орыннан кем емес), тұрақ, пикник аймағы, жайлы жылы дәретхана. «D» санатындағы жол бойындағы қызмет көрсету келесі объектілерді қамтиды: жанар-жағар май, газ станциясы, сауда орны, жайлы жылы дәретхана.
• Бизнес-жоспарға сілтеме: https://qazavtojol.kz/~h7Xv8
«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ әлеуетті инвесторды ынтымақтастықтың келесі формаларының бірін таңдауға ұсынады:
1. Демалыс алаңына іргелес (кіріп/шығуға) орналасқан күрделі типтегі жол бойындағы сервис нысанын салу:
«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ демалыс алаңына жақын жерде « С» және « D » санатындағы жол бойындағы сервис нысандарын салу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жер учаскелерін бөлу жұмыстарын жүргізеді.
Белгіленген тәртіпке сәйкес әлеуетті инвесторға демалыс алаңы аймағында орналасудың техникалық шарттарын береді.
Әлеуетті инвестордың жобасы бойынша демалыс алаңын және жеделдету / баяулату жолақтарын жөндеу.
2. Ақылы жолдарда «С» және «D» санатындағы жол бойындағы сервис нысандарының күрделі емес құрылымының модульдік немесе жиналмалы құрылымдарын орнату үшін демалыс алаңындағы жол жиегінде, жиектастан кейінгі жер учаскесін жалға беру.
◦ Жерді жалға беру туралы келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ «ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» мен әлеуетті инвестор арасында 10 жылға дейін жасалады.
◦ Демалыс алаңын және үдеу / баяулау жолақтарын жөндеу.
◦Демалыс алаңының, жолдар мен түйісулердің жарықтандыру жүйелерінен тоқпен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар беру (резервтік қуаты болған жағдайда).
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының учаскелерінде «С» және «D» санатындағы жол бойындағы сервис нысандарының күрделі емес құрылымының модульдік немесе жиналмалы құрылымдарын орнату үшін демалыс алаңындағы жол жиегінде, жиектастан кейінгі жер учаскесін жалға беру.
◦ «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен әлеуетті инвестор арасында 3 жылға дейінгі мерзімге жер учаскесін жалдау шарты жасалады - https://qazavtojol.kz/~fqpUi.
◦ Демалыс алаңын және үдеу / баяулау жолақтарын жөндеу.
◦ Демалыс алаңының, жолдар мен түйісулердің жарықтандыру жүйелерінен тоқпен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар беру (резервтік қуаты болған жағдайда).
Қызығушылық білдіру үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1. Жол бойындағы сервис объектісінің орны, объектінің санаты, объектінің негізгі сипаттамасы, ынтымақтастық формасын таңдау көрсетілген хат.
2. Эскиздік жобасы бар жол бойындағы сервис объектісінің тұсаукесері (түрлі-түсті),
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, өтінішхатқа қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жеке кәсіпкердің куәлігі (egov.kz порталынан анықтама).
4. Демалыс алаңында жер учаскесін жалдау құқығын таңдаған жағдайда жол учаскесінің шекарасын белгілеп, жалға алынған жердің шекарасын анықтай отырып, демалыс алаңын топографиялық зертеп сызу қажет.
Қызығушылық білдіру, құжаттарды ұсыну арқылы мына мекен-жайға беріледі
Нұрсұлтан қ. Қонаев көшесі 10, 3409 кеңсе. Құжаттардың электрондық көшірмелері электрондық пошта арқылы жіберіледі info@kazautozhol.kz
Қызығушылық білдіру мерзімі: 10 наурыз 2020 жыл сағат 15: 00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:
• «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру басқармасының бас менеджері-Тұрсынбаев Еркебұлан Нұрланұлы 8 (7172) 648777 / y.Tursynbaev@kazautozhol.kz
• "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің бастығы Рафиков Рашид Артурович 8(7172) 648748, r.rafikov@kazautozhol.kz
• Онлайн бейнеконференция арқылы Zoom ID 499-044-9060: 14 және 21 ақпанда сағат 15.00-де.