icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Қызығушылық білдіруді сұрау "А" және "B" санатындағы жол бойындағы сервис объектілері құрылысының инвестициялық жобасы бойынша

Нұр-Сұлтан қ., 24.01.2020

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының аясында жол бойындағы сервис нысандарын дамыту үшін жол саласына инвестициялар тартуда (жол бойында орналасқан және жол бойында пайдаланушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар немесе құрылыстар).

 Жобаның шарттары: Көп функционалды А» және «В» санатындағы ұлттық стандартқа ҚР СТ 2476-2014 сәйкес кешендердің құрылысы.  «А» санаты - жанар-жағар май станциясы, мотель / кемпинг (кемінде 25 бөлме), жайлы жылы дәретхана, көпшілікке арналған душ, сауда орны, тамақтану пункті (40 орыннан кем емес), қызмет көрсету станциялары, көлік жуу орны, тұрақ, күзіетілетін автотұрақ, пикник аймағы, сауда және ойын-сауық аймағы, медициналық көмек пункті.  «В» санаты - жанармай құю станциясы, мотель / кемпинг (кемінде 10 бөлме), жақсы күтілген жылы дәретхана, көпшілікке арналған душ, сауда орны, тамақтану пункті (40 орыннан кем емес), қызмет көрсету станциясы, көлік жуу орны, тұрақ, күзіетілетін автотұрақ, пикник аймағы, медициналық көмек пункті. 

 • Бизнес-жоспарға сілтеме: https://qazavtojol.kz/~h7Xv8

 • «А» санатының типтік жобасы: https://yadi.sk/d/7QLFCPg8jKIUGA

 • «А» және «В» санатындағы жол бойындағы сервис объектілері үшін келесі елді мекендердің жанында 3,5 га дейінгі учаскелермен 17 құрылыс алаңы анықталды: 

  ◦ Ырғыз ауылы Ақтөбе облысы, 

  ◦ Достық ауылы Алматы облысы,

  ◦ Успенка ауылы Павлодар облысы, - Аягөз қаласы Шығыс - Қазақстан облысы

  ◦ Бурылбайтал, Қайнар ауылдары, Тараз қаласы Жамбыл облысы, 

  ◦ Тасқала, Бурлин және Тайпақ ауылдары Батыс-Қазақстан облысы,

  ◦ Доссор ауылы Атырау облысы,

  ◦ Ақсу-Аюлы, Сарышаған ауылдары және Балқаш қаласы,

  ◦ Арал қаласы Қызылорда облысы, 

  ◦ Бейнеу, Батыр ауылдары Маңғыстау облысы.

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан ұсынылатын қолдау шаралары: 

• Инвестор мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісім жасау барысында инвестормен келісілген техникалық талаптарға сәйкес техникалық коммуникациялармен жабдықталған жаңадан салынған асфальтталынған алаңды пайдалануға беру; 

• «ҚазақИнвест» ҰК» АҚ мен Инвестор арасында инвестициялық келісім-шарт жасалған жағдайда инвестормен келісілген техникалық талаптарға техникалық коммуникацияларды жеткізе отырып, жаңадан салынған асфальтталынған алаңды 10 жылға дейн жалға беру (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК Кәсіпкерлік кодексінің 283-бабына сәйкес).

 Қызығушылық білдіру үшін қажетті құжаттардың тізімі: 

1. Жол бойындағы сервис объектісінің орны, объектінің санаты, объектінің негізгі сипаттамасы көрсетілген хат.

 2. Эскиздік жобасы бар жол бойындағы сервис объектісінің тұсаукесері (түрлі-түсті), 

3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (порталдан анықтама) egov.kz),

 4. Өтінішке қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

 Қызығушылық білдіру, құжаттарды ұсыну арқылы мына мекен-жайға беріледі: Нұр-Сұлтан қ. Қонаев көшесі 10, 3409 кеңсе. Құжаттардың электрондық көшірмелері электрондық пошта арқылы жіберіледі info@kazautozhol.kz 

Қызығушылық білдіру мерзімі: 24 ақпан 2020 жыл сағат 15: 00-ге дейін. 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері: 

 • «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру басқармасының бас менеджері-Тұрсынбаев Еркебұлан Нұрланұлы 8 (7172) 648777 / y.Tursynbaev@kazautozhol.kz 

• "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің бастығы Рафиков Рашид Артурович 8(7172) 648748, r.rafikov@kazautozhol.kz • Онлайн бейнеконференция арқылы Zoom ID 499-044-9060: 3 және 10 ақпанда сағат 15.00-де.