Ұзарту туралы хабарлама
Барлық конкурс қатысушыларына
Нұр-Сұлтан, 09.09.2019 ж.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі №277 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының 2019 жылғы 01 шілдедегі №207 «Бір кезеңді екі конвертті конкурс өткізу, конкурстық комиссия құру және конкурстық құжаттаманы бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту үшін ақы алу жүйесін орнату және оған қызмет көрсету үшін инвестициялық жобаны іріктеу жөніндегі инвестициялық конкурсқа тапсырыстарды ашу мерзімі 2019 жылғы 21 қазанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Нақтыланған конкурстық құжаттама осы сайтта орналастырылған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе Нұр-Сұлтан қаласы, «Emerald Tower» БО, Қонаев көшесі, 10-үй, А блогы, 34-қабат, 3411-кабинет мекен-жайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып,
2019 жылғы 21 қазан күні сағат 13.00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.
Конкурстық өтінімді беру кезінде конкурсқа қатысушылардың өкілдері өтінім беру және өтінімдерді ашу рәсіміне қатысу құқығына конкурсқа қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) берілген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (директор – тағайындау туралы бұйрық) болуы тиіс.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2019 жылғы 21 қазан күні сағат 15:00-де мына мекен-жайда ашылады: Нұр-Сұлтан қаласы, «Emerald Tower» БО, Қонаев көшесі, 10-үй, А блогы 35-қабат, конференц-зал.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы конкурсты ұйымдастырушының телефоны арқылы алуға болады: 8 (7172) 64-87-45 - Сармұханбет Құралай.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстарды өткізу ережесімен «Инвесторлар үшін» бөлімінде танысуға болады.