icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Хабарлама

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бір кезеңді екі конверттік конкурс тәсілімен Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту үшін ақы алу жүйесін орнату және қызмет көрсету үшін инвестициялық жобаны қайта іріктеу бойынша инвестициялық конкурс өткізу туралы хабарландыру

Нұр-Сұлтан 22.11.2019 ж.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (010000, Нұр-Сұлтан қ., «Emerald Tower» БО, Қонаев к-сі, 10-үй, А блогы, ресми сайт: www.qaj.kz) Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту үшін ақы алу жүйесін орнату және қызмет көрсету үшін инвестициялық жобаны қайта іріктеу бойынша инвестициялық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу шарттары конкурстық құжаттамада көрсетілген,оны осы сайтта «Инвесторлар үшін» бөлімінде бөлімінде көшіріп алуға болады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: Нұр-Сұлтан қ., «Emerald Tower» БО, Қонаев көшесі, 10-үй, блок А, 34-қабат, 3411-кабинет, 2019 жылғы 03 желтоқсан сағат 13.00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.

Конкурстық өтінімді беру кезінде конкурсқа қатысушылардың өкілдері өтінім беру және өтінімдерді ашу рәсіміне қатысу құқығына конкурсқа қатысушының мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) берілген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі (директор – тағайындау туралы бұйрық) болуы тиіс.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2018 жылғы 03 желтоқсан сағат 15:00-де мына мекен-жайда ашылады: Нұр-Сұлтан қ., «Emerald Tower» БО, Қонаев көшесі, 10-үй, блок А, 35-қабат, конференц-зал.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы конкурсты ұйымдастырушының телефоны арқылы алуға болады: 8 (7172) 64-87-45 - Сармұханбет Құралай.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша конкурстарды өткізу Ережесімен «Инвесторлар үшін» бөлімінде танысуға болады.