icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


ХАБАРЛАНДЫРУ

Екі кезеңді конкурс тәсілімен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін инвестициялық жобаны іріктеу жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық конкурс өткізу бойынша хабарландыру

Нұр-Сұлтан қ. 24.09.2019

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) (010000 Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А ресми сайт: www.qaj.kz ) екі кезеңді конкурс тәсілімен (6 лот) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату үшін инвестициялық жобаны іріктеу бойынша инвестициялық конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А, 34-қабат, 3411 кабинет, 2019 жылдың 15 қазаны сағат 13 сағат 00 минутқа дейін Конкурс ұйымдастырушыға Конкурсқа қатысушылар тарапынан қолма-қол немесе тапсырысты поштаны қолдану арқылы жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімді берген кезде конкурсқа қатысушылар өкілдерінің тендерлік өтінімнің ашылу рәсіміне қатысуға және конкурсқа қатысуға құқығы бар тұлғаға (тұлғаға) берілген сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы керек (директор - тағайындау тәртібі).

Екі кезеңді конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға өтінімдер салынған конверттер Нұр-Сұлтан қ. «Emerald Tower» БО, Д. Қонаев көш. 10 үй, блок А, 35-қабат, конференц-залда 2019 жылғы 15 қазанда сағат 15 сағат 00 ашылады. 


Конкурс рәсімдері: 

 
1 Кезең

20 жұмыс күнінен аспайды 

СГТ түпнұсқасын Техникалық сипаттаманың талаптарына сәйкес орнату

15 жұмыс күнінен аспайды

Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін, оның ішінде СГТ орнатылған түпнұсқасын қарау және конкурстың бірінші кезеңін қорытындылау

 

2 Кезең

конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелері шығарылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайды

Конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарын беру, Конкурстың бірінші кезеңінен өткендер үшін

 

10 күнтізбелік күннен аспайды 

Келісім-шарттарды жасасу 

10 жұмыс күнінен аспайды

Конкурсқа қатысушылардың Баға ұсыныстарын қарау және конкурстың нәтижесін шығару

Конкурсқа қатысу шарттары Конкурстық құжаттамада  көрсетілген, оны осы сайттан «Инвесторлар үшін» «СМУ құрылысы және техникалық қызмет көрсету» бөлімінен жүктеуге болады. 

 

Қосымша мәлімет пен ақпаратты Конкурс ұйымдастырушысына қоңырау шалу арқылы алуға болады: Акунжанова Аида - 8 (7172) 64-87-45. 

 

Инвестициялық жобаны іріктеу жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Инвестициялық конкурс өткізу ережесімен  «Инвесторлар үшін» бөлімінде «СГТ орнату және қызмет көрсету» бөлімшесінде танысуға болады.