icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Ашық диалог

2019 жылдың 8 қазанда «QazAvtoJol» ҰК» АҚ инвесторларды СГТ құрылғысы және қызмет көрсету жөніндегі конкурс туралы пікір алмасуға шақырады

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-да инвестициялық конкурс мәселесі бойынша инвесторлармен ашық диалог өтеді. Инвестициялық конкурс екі конвертті, екі кезеңді әдіспен жүзеге асады. Ашық диалогтың тікелей көрсетілімі Skype әлеуметтік желісінде жүргізіледі (логин: nk_kazautozhol). Жобаға қатысты сұрақтарды онлайн көрсетілімнің барысында қоюға болады. Қатысушыларды тіркеу үшін ұйымның атауы, қатысушылардың ТАӘ мен лауазымдары көрсетілген тізімді 2019 жылғы 7 қазан, сағат 16:00-ге дейін r.rafikov@kazautozhol.kz электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз. Тізіммен қатар ашық диалогта талқылауға салынатын сұрақтарды қоса жолдауды сұраймыз.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Emerald Tower БО, Қонаев көшесі, 10 үй, блок А, 35 қабат, кабинет 3502
Уақыты: – сағат 14:30.
Байланыс үшін: Рашид Рафиков, тел.: + 7 7172 64 87 48
Сайт: https://qaj.kz/