Биылғы жылдың аяғына дейін “Қандыағаш-Мақат” күре жолының соңғы телімі қолданысқа тапсырылады. Бұл жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын Қандыағаш қаласынан Шұбарқұдық ауылына дейінгі жол аралығы. Қалған үш учаскеде (Шұбарқұдық ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) жұмыстар толық аяқталып, халық игілігіне тапсырылды.