Алматы облысында орналасқан жол бөлігінің жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайды. Жол "Орталық-Оңтүстік" көлік дәлізіне жатады.
Мамандар жаңа асфальт төсеп, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етті. Жол нысанында 8 көпір салынып, 70-ке жуық су өткізгіш құбыр орнатылды. Күре жол пайдаланушыларының ыңғайы үшін 4 демалыс алаңы бар.
Қазір мердігер ұйым жоспарда бекітілген соңғы жұмыстарды орындауда: арнайы тосқауыл қоршаулары мен қажетті жол белгілерін орнатып, жол таңба сызығын сызуда және т. б.
Биылғы жылдың соңына дейін күре жол учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр.