icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Хабарландыру 31.10.2023

«ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақтөбе облыстық филиалы «Каздорпроект» ЖШС жобалаушы компаниясымен бірлесіп «Ұзындығы 515 км «Бейнеу-Бозой-Шалқар» автомобиль жолының құрылысы» техникалық-экономикалық негіздемесінің техникалық шешімдері бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдаулардың басталатын күні, уақыты және өткізілетін орны:

 - 2023 ж. 7 қарашасы, сағат 10:00-де, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Есет Көтібарұлы к-сі, 33 үй мекенжайында орналасқан Шалқар қаласы әкімінің аппараты ғимаратында;

 - 2023 ж. 7 қарашасы, сағат 14:30-да, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аққайтым ауылы, Интернационолистер к-сі, 22А мекенжайында орналасқан Жаңақоныс ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында;

- 2023 ж. 7 қарашасы, сағат 17:00-де, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылы, Әлия Молдағұлова к-сі, 3 мекенжайында орналасқан Байқадам ауылының мәдениет үйі ғимаратында;

- 2023 ж. 8 қарашасы, сағат 10:00-де, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегимбет ауылы, Қарағұл Батыр к-сі, 14а мекенжайында орналасқан Бегимбет ауылының клубы ғимаратында;

- 2023 ж. 8 қарашасы, сағат 16:00-де, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылы, Владимир Прохоренко к-сі, 16 мекенжайында орналасқан Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында.

 

Тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері - «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ, байланыс деректері – Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, байланыс телефоны – 8 (7172) 75-46-26, электрондық пошта - k.priemnaya@miid.gov.kz.

Тапсырыс беруші өкілінің атауы және байланыс деректері - «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақтөбе облыстық филиалы, байланыс деректері - Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 89, байланыс телефоны – 8(7132)546571, электрондық пошта - aktobe.info@qaj.kz.

Құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректері – «Каздорпроект» ЖШС, байланыс деректері - Алматы қаласы, Атамекен ықшамауданы, 3 үй мекенжайы, байланыс телефоны - 8(727) 2555638, электрондық пошта - kazdor@yandex.ru.

Барлық сұрақтармен «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақтөбе облыстық филиалына және «Каздорпроект» ЖШС хабарласуға болады.

 

Қоғамдық тыңдауға қатысуға жергілікті тұрғындар, мүдделi жұртшылық, қоғамдық ұйымдар және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.