Шығыс Қазақстан өңірінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Өскемен-Алтай-Қатонқарағай-Рахман қайнары” күре жолының 46-66 шақырымдары арасындағы учаскеде (Северный ауылына бұрылыстан бастап Серебрянск қаласына дейінгі учаске) тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл тау арасындағы бұралаңы көп бағыт. Қозғалысқа енгізілген шектеу қыс бойы сақталмақ.
Сонымен қатар "Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы" күре жолының 94-104 шақырымдары аралығында (Бутаково ауылынан Риддер қаласына дейін) тіркемелі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу қыс бойы күн сайын сағат кешкі 21.00-ден таңғы 06.00-ге дейін жүзеге асады.