icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ САТЫПАЛЫМ!!!

Жобаларға техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтерді сатып алу туралы:
«Республикалық маңызы бар Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымына орташа жөндеу»;
«Республикалық маңызы бар Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 36-46 шақырымына орташа жөндеу»;
«Республикалық маңызы бар Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымына орташа жөндеу»;
«Республикалық маңызы бар М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай арқылы, Астана, Қарағанды автомобиль жолының 1275-1280 шақырымына орташа жөндеу».
Сатыпалым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы №1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру ережелерінің 287-тармағының 11) тармақшасы негізінде өткізіледі. goszakup.gov.kz порталында коммерциялық ұсыныстарды сұратуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер аккредиттеу туралы куәлікті қоса бере отырып, info@qaj.kz. электрондық поштасына өтінімді (еркін нысанда) жіберуі қажет.
Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні – 2024 жылдың 4 мамыры, аяқталу күні – 2024 жылдың 10 мамыры, сағат 18-00 Астана уақыты бойынша.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның барлық сатыпалым рәсімдері электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өту маңызды, бұл әлеуетті өнім берушілер үшін сатыпалым рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз етеді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті жеткізушілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық арандатушылықтарына бой алдырмауға шақырады. Сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының байқамай куәгері болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 8 (7172) 64 87 76 анықтама телефонына хабарласу қажет.
Қосымша ақпаратты 8 (7162) 64 87 12 телефоны арқылы алуға болады.