icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе-Ұлғайсын автожолының жобасын іске асыруды сүйемелдеу бойынша құрылыс пен қайта жаңартуға техникалық қадағалауды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) электрондық порталында жарияланады https://ecepp.ebrd.com/ru. Көрсетілген сайтта өтінімдер беру конкурсқа қатысу үшін міндетті талап болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған конкурстық құжаттамада қолжетімді болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ әлеуетті қатысушыларды кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға тап болсаңыз немесе осындай көріністердің куәгері болсаңыз, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ +7 7172 648738 сенім телефоны немесе 1424 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің CALL-орталығына хабарласыңыз.