Бақылаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 11-тармағына сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін бақылаушылар тізімін қалыптастыру туралы хабарлайды.
Бақылаушылар тізіміне енгізу туралы өтініштер жұмыс тобының құрамына кандидаттардан құжаттар қабылдаумен бір мезгілде, хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Астана қ., Сығанақ көшесі 60/4 мекенжайы бойынша қабылданады, сондай-ақ info@qaj.kz электрондық поштасына жолдану керек.


