icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ-да автожолдардағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Ағымдағы жылдың 25-ақпан күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов пен Жаһандық жаңғыру және даму Банкі өкілдерінің, көлік қозғалысының Жаһандық қорының жетекшісі Соэмс Джобтың қатысуымен автожолдардағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мәселесі бойынша кездесу өтті. 

Жиын барысында, Қазақстан Республикасындағы көлік қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық шаралар мен техникалық шешімдер қарастырылды. Осы саладағы «zero vision» басқару жүйесі іспеттес жаһандық трендтер мен үздік тәжірибелер мемлекеттегі жол-көлік оқиғаларының санын және өлім-жітім көрсеткішін азайтуға мүмкіндік береді. Аталмыш бағдарлама бүгінде елімізде бар автожолдар мен жаңадан салынатын учаскелердің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау барысында қолданылатын болады. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімнің деңгейі тек әлеуметтік емес, сонымен қатар экономикалық өзекті мәселе екендігін атап өту қажет. 

Халықаралық трендтерді ескере отырып, автожол саласын цифрландыру ұсынылды. Қатысушылар зияткерлік көлік жүйесін орнату үшін қосымша талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, адам өліміне себепші болған жол-көлік оқиғалары салдарынан мемлекеттің экономикалық шығындарын анықтау мақсатында егжей-тегжейлі экономикалық есептеулер жүргізу ұсынылды