icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«QAZAVTOJOL» ҰК әлеуетті инвесторларды республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы сервис нысандарының құрылысы саласында жеке бизнестерін ашуға шақырады.

Бүгінде көпшілік отандастарымыз «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесі мен Бурабайға апаратын тас жолдың бойындағы KazWay модульді павильондарын біледі. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сәтті, әрі ұтымды жобалардың бірі болды. Алыс сапардан шаршаған жүргізушілер заманауи павильонның қызметін қуана қолдануда. Сол себепті, QazAvtoJol әлеуетті инвесторлармен қарқынды жұмыстар жүргізіп, республикалық маңызы бар тасжолдардағы сервис нысандарын орнатуға дайын бизнеске қолдау көрсетпек. 

Қазіргі таңда, біз «C» және «D» санатындағы кешендердің құрылысы үшін инвестициялық конкурс ұйымдастырудамыз. Жол бойындағы сервис нысандарының санаты дегеніміз не? 

«C» санаты – абаттандырылған жылы дәретхана, сауда орны, тамақтану пункті (15 орыннан кем емес), тұрақ, пикник аймағы.

«D» санаты - жанармай құю станциясы, абаттандырылған жылы дәретхана, сауда орны. 

Жол бойындағы сервис нысандарының типтік жобаларымен және бизнес-жоспармен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: 

• Бизнес жоспар: https://qazavtojol.kz/~h7Xv8 

• Алаңдардың орналасқан жері: https://clck.ru/M7HUU 

QazAvtoJol Қазақстанның автотуристтері үшін қолайлы жағдай жасауға шақырады. Сапалы және бәсекеге қабілетті қызметтер ұсынып, өз инвестицияларыңыздың жемісін көріңіздер. 

Қызығушылық білдірген инвесторлардан құжаттарды қабылдау мерзімі: 24 ақпан 2020 жыл, сағат 15: 00-ге дейін. 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері: 

• «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру басқармасының бас менеджері-Тұрсынбаев Еркебұлан Нұрланұлы 8 (7172) 648777 / y.Tursynbaev@kazautozhol.kz 

• "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің бастығы Рафиков Рашид Артурович 8(7172) 648748, r.rafikov@kazautozhol.kz 

• Онлайн бейнеконференция Zoom ID 499-044-9060: 3 және 10 ақпанда сағат 15.00-де ұйымдастырылады