icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚАЗАВТОЖОЛ» республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы жанармай құю станцияларында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды

2020 жылғы 4-ақпанда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы АЖҚС-те дәретханалардың жетіспеушілігі мәселесі бойынша санитарлық тораптардың өндірушілері және желілік АЖҚС өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. 

Жиынға «Petroretail» (ҚазМұнайГаз) ЖШС, «Helios» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «АвтоГаз Трейд» ЖШС автокөліктерге жанармай құю станцияларының өкілдері, дәретхана павильондарын жеткізуші «Ice Group KZ» ЖШС, «Euromodul» ЖШС, «КазТехПром-Сервис» ЖШС, «Qazaqtech» ЖШС мен «Техстройконсалтинг» ЖШС консорциумы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері – Мұхтар Тайжан қатысты. 

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 820 АЖҚС орналасқан. Оның 412 бірлігі (50%) Ұлттық стандартқа сәйкес келмейді. Мұндағы басты мәселенің бірі – абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардың болмауы. 

Ұлттық стандарттың 5.2-бабына сәйкес жол бойындағы сервис нысандарының жолаушылар мен жүргізушілерге ұсынатын міндетті қызметтер тізіміне абаттандырылған (жылы) дәретхана қызметі де кіреді. 

Департамент директоры – Рустам Исаевтың сөзі бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «АЖҚС-тағы санитарлық ережелерге» өзгертулер енгізіп, АЖҚС-та абаттандырылған дәретханалардың болуын міндеттейді. 

Жиын барысында қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Желілік АЖҚС өкілдері Ұлттық стандарттардың жаңа талаптарын толық қолдап, өздерінің АЖҚС-тарын модернизациялауға дайын. 

Жиынды қорытындылай келе, тараптар келесі келісімге келді: желілік АЖҚС (Helios, Sinooil, Gas Energy и ҚазМұнайГаз) иелері 2020 жылғы 14-ақпан мерзіміне дейін санитарлық-гигиеналық тораптарды Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестендіру бойынша жоспарларын ұсынады.