Жол бойындағы сервис нысандарын дамыту туралы барлық ұсыныстарды ескере отырып, «QazAvtoJol» ҰК әлеуетті инвесторларды республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы сервис нысандарының құрылысы саласында жеке бизнестерін ашуға шақырады.
Бүгінде көпшілік отандастарымыз «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесі мен Бурабайға апаратын тас жолдың бойындағы KazWay модульді павильондарын біледі. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сәтті, әрі ұтымды жобалардың бірі болды. Алыс сапардан шаршаған жүргізушілер заманауи павильонның қызметін қуана қолдануда. Сол себепті, QazAvtoJol әлеуетті инвесторлармен қарқынды жұмыстар жүргізіп, республикалық маңызы бар тасжолдардағы сервис нысандарын орнатуға дайын бизнеске қолдау көрсетпек.
Қазіргі таңда, біз «А» және «В» санатындағы көпфункционалды кешендердің құрылысы үшін инвестициялық конкурс ұйымдастырудамыз. Жол бойындағы сервис нысандарының санаты дегеніміз не?
«А» санаты - жанар-жағар май станциясы, мотель / кемпинг (кемінде 25 бөлме), жайлы жылы дәретхана, көпшілікке арналған душ, сауда орны, тамақтану пункті (40 орыннан кем емес), қызмет көрсету станциялары, көлік жуу орны, тұрақ, күзеті бар автотұрақ, пикник аймағы, сауда және ойын-сауық аймағы, медициналық көмек пункті.
«В» санаты - жанармай құю станциясы, мотель / кемпинг (кемінде 10 бөлме), жайлы жылы дәретхана, көпшілікке арналған душ, сауда орны, тамақтану пункті (40 орыннан кем емес), қызмет көрсету станциясы, көлік жуу орны, тұрақ, күзеті бар автотұрақ, пикник аймағы, медициналық көмек пункті.
Қазіргі күні, жол бойындағы сервис объектілері үшін келесі елді мекендердің жанында 3,5 га дейінгі аумақта 17 құрылыс алаңы анықталды:
- Ырғыз ауылы Ақтөбе облысы;
- Достық ауылы Алматы облысы;
- Успенка ауылы Павлодар облысы;
- Аягөз қаласы Шығыс-Қазақстан облысы;
- Бурылбайтал, Қайнар ауылдары, Тараз қаласы Жамбыл облысы;
- Тасқала, Бурлин және Тайпақ ауылдары Батыс-Қазақстан облысы;
- Доссор, Батыр ауылдары Атырау облысы;
- Ақсу-Аюлы, Сарышаған ауылдары және Балқаш қаласы;
- Арал қаласы Қызылорда облысы;
- Бейнеу ауылы Маңғыстау облысы.
Егер инвестор бізге 5 млрд теңге сомасына дейінгі жобаны ұсынса, QazAvtoJol өз тарапынан инвестормен келісілген техникалық талаптарға сәйкес техникалық коммуникациялармен жабдықталған, жаңадан салынған, асфальт төселген алаңды пайдалануға беруге дайын.
Жол бойындағы сервис нысандарының типтік жобаларымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:
https://qazavtojol.kz/~h7Xv8 https://yadi.sk/d/7QLFCPg8jKIUGA
Қызығушылық білдірген инвесторлардан құжаттарды қабылдау мерзімі: 24 ақпан 2020 жыл сағат 15: 00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:
• «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру басқармасының бас менеджері-Тұрсынбаев Еркебұлан Нұрланұлы 8 (7172) 648777 / y.Tursynbaev@kazautozhol.kz
• "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының жол бойындағы сервисті дамыту бөлімінің бастығы Рафиков Рашид Артурович 8(7172) 648748, r.rafikov@kazautozhol.kz
• Онлайн бейнеконференция Zoom ID 499-044-9060: 3 және 10 ақпанда сағат 15.00-де ұйымдастырылады