icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ құрылыс компанияларын республикалық маңызы бар автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары бойынша тендерлік сатып алудың 2-кезеңіне қатысуға шақырады.

Әлеуетті жеткізушілердің назарына! 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құрылыс компанияларын республикалық маңызы бар автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары бойынша тендерлік сатып алудың 2-кезеңіне қатысуға шақырады. 

МАҢЫЗДЫ! «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап goszakup.gov.kz электрондық порталында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес сатып алу шараларын жүзеге асыруда.

Құрметті қатысушылар! «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз +7 7172 648738 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның сенім телефонына немесе 1424 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы қызметінің байланыс-орталығына хабарласуларыңыз қажет.