icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ мен «ҚАЗЖҚҚ ҒЗИ» ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Меморандумның мақсаты – қос компанияның Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін дамытудағы әрекеттерін бірігіп үйлестіру.

 Екі тарап жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша бірлесе жұмыс жасауға келісті. Атап айтсақ, QazAvtoJol тасжолдардағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы әрекеттер бойынша ақпарат (жол-көлік оқиғалары жиі болатын жерлерді зерттеу және талдау нәтижелері, статистикалық мәліметтер) ұсынып, қажетті әдістемелік материалдарды бекітеді. Сонымен қатар, автожолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша инженерлік, ұйымдастырушылық іс-шараларды (тәуелсіз сарапшылардың жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша аудиттері, қауіпсіз автожолдардың рейтингі, жол-көлік оқиғаларының электронды картасы) өткізуге көмек көрсететін болады. 

Ынтымақтастық туралы меморандумға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов пен «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры Арыстан Масанов қол қойды. 

 Анықтама үшін: «ҚазЖҚҚ ҒЗИ» ЖШС 2017 жылы жолдардағы апаттық жағдайларды азайту мақсатында құрылған. Компанияның негізгі қызметі жолдардағы және елді мекендердегі көше желілерінің қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын, адам шығындарын және жол-көлік оқиғаларының ауырлығын төмендету мақсатында, сонымен қатар көлік қозғалысы ағымы мәселесін ғылыми зерттеу жүргізу болып табылады. Жол көлік оқиғаларына байланысты әлеуметтік-экономикалық шығындарды төмендету, сондай-ақ халықаралық бағалау әдісін (IRAP) қолдана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін бағалау және көлік қозғалысы ағымының сипаттамаларын зерттеу.