icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Самара облысымен шекаралас "Сырым" кедендік өткізу пунктін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінің құрылыс-жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Бүгінде Самара облысымен шекаралас пунктте 8 қозғалыс жолағы бар және нысанның өткізу қабілеттілігі 3 есе артқан. Әр қозғалыс жолағында арнайы тексеру шұңқырлары бар. Сонымен қатар, кедендік жасаққа және мұқият тексеруге арналған паспорттық тексеру бөлмелері, иттерге арналған торлы қамаулар және өткізу пунктінің екі жағынан демалыс алаңдары орнатылған. Аталмыш демалыс алаңдары толық абаттандырылған. Мұнда қоқыс жәшіктері, орындықтар мен жылы дәретханалар да бар. Өткізу пунктінің аймағы толық бейнебақылауға алынған.