2019 жылғы 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «Нұр-Сұлтан қаласының үлкен айналма жолында» көлік қозғалысын ашты. Салатанатты шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Кульгинов, Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы өкілдігінің Директоры И.Г.Янсон, мердігер ұйымдар мен техникалық бақылау қызметтерінің өкілдері қатысты. Үлкен айналма жолының соңғы учаскесінің ұзындығы – 34 шақырым.
«Нұр-Сұлтан қаласының үлкен айналма жолы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын 2017 жылдың желтоқсан айында «СиньСин» КГК КФ және «ҚазГерСтрой» СП» ЖШС құрылыс консорциумы бастаған. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін тас жол І техникалық санатқа келтіріліп, ені 7,5 метрді құрайтын толық 4 жолақты автожол болады.
Айналма жолын қайта жаңарту жұмыстары күрделі инженерлік жобалардың бірі болып табылады. Оның құрамына 4 жол айрығы мен 3 көпірдің құрылысы кіреді. 1000-нан астам білікті маман жұмылдырылған мердігер ұйымдардың тиімді және бірлескен жұмыстарының нәтижесі бойынша елорданың көлік жүйесінің жүктемесі азайып, жолаушылардың уақыты үнемделеді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайға да игі әсері тиеді деп жоспарлануда.
Салтанатты іс-шараның барысында Асқар Мамин автожолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарында қолданылатын жаңа технологиялар мен материалдар ұсынылған ашық экспозициялармен танысты. Шараны қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Премьер Министрі батырманы басып, Нұр-Сұлтан қаласының үлкен айналма жолындағы көлік қозғалысын ашты.