icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Түркістан облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар А-2 «Хоргос-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекістан шек. (Ташкент)» 593-674  шқ  Шымкент-Тараз бағыты  және М-32 «Самара-Шымкент» 2057-2260 шқ Шымкент-Қызылорда бағыты автожолындарда зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді. 

Ағымдағы жылы автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Түлкібас ауданы - 19 ақпан 2020 жыл, сағ.10:00, Түлкібас аудан әкімшілік ғимараты 

Сайрам ауданы - 19 ақпан 2020 жыл, сағ.15:00, Сайрам аудан  әкімшілік ғимараты 

Шымкент  қаласы - 22 ақпан 2020 жыл, сағ.10:00,  Шымкент қ., Жібек жолы көшесі №68 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ТОФ 

Ордабасы ауданы - 23 ақпан 2020 жыл, сағ.10:00, Ордабасы аудан  әкімшілік ғимараты 

Бәйдібек ауданы - 23 ақпан 2020 жыл, сағ.15:00, Бәйдібек аудан  әкімшілік ғимараты 

Түркістан қаласы - 24 ақпан 2020 жыл, сағ.10:00, Түркістан қаласы  әкімшілік ғимараты 

Кентау қаласы - 24 ақпан 2020 жыл, сағ.15:00, Кентау қаласы  әкімшілік ғимараты  

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: 

«ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz 

Инвестор:  «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz 

 «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиала ukokazautozhol@mail.ru   

Мекен-жай: Шымкент қаласы, Жібек жолы көшесі, 68,  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Түркістан облыстық филиалы.                          

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: 

Жобалаушы: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. 

әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков   

Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және бизнес бірлестіктердің, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері шақырылады.