icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Маңғыстау облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: - А-33 «Бейнеу-Ақтау» км 332-786. - А-33 «Атырау облысы шекарасы-Бейнеу» км 210-332, Р-1 «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» км 0-85. 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Ақтау қаласы - 22 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Ақтау қаласы, 6 шағын аудан, «Жастар орталығы» ғимараты. 

Мұнайлы ауданы - 22 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Маңғыстау ауылы, №5 орта мектеп. 

Қарақия ауданы - 23 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Жетібай ауылы, мәдениет үйі ғимараты. 

Маңғыстау ауданы - 23 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Шетпе ауылы, аудандық әкімшілігінің ғимараты. 

Бейнеу ауданы - 24 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Бейнеу ауылы, «Ұстаздар үйі» ғимараты. 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: 

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz 

Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС info@cvtech.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: 

Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, 42 ғимарат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы. 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, mangistau.info@qaj.kz. 

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: 

Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.