icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Атырау облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: - А-33 «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай-Утес - Шетпе - Жетібай - порт Ақтау». 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Атырау қаласы - 26 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Атырау қаласы, С.Сауырғалиев көшесі 1 үй, Құрманғазы мәдениет үйі ғимараты 

Мақат ауданы - 25 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Атырау облысы, Доссор кенті Ғ. Сүлейменов көшесі, 39 үй, Доссор мәдениет үйіғимараты 

Жылыой ауданы - 25 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Атырау облысы, Құлсары қаласы, Ұ. Абдрахманов көшесі 35 ғимарат, Жастар үйі ғимараты 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz 

Инвестор: «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Атырау қаласы, И. Тайманов көшесі, 5. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы. 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, atyrau.info@qaj.kz. 

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.