Жұмыстар екі нысанда жүргізіледі: км 856-913 учаскесін күрделі жөндеу және км 1232-1247 учаскесінде автоматтандырылған өлшеуіш жабдықтарын орнату. Аталмыш нысандардағы жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.
Жобаға сәйкес, жолшылар жол телімінің конструктивті қабаттарын ауыстырады, жаңа барьерлік қоршаулар орнатады, аялдама павильондары мен су өткізгіш құбырларды ауыстырады және электр тарату желісін қайта орнатады.
Сонымен қатар, биыл "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолының км 80+900 учаскесіндегі көпірді күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалынуда. Жаңа жобалардың тағы бірі - Орталық-Батыс дәлізінің "Нұр-Сұлтан-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш" автожолының Ақмола облысына қарасты учаскелері. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, жақын уақытта жобаны жүзеге асыру басталады.
2020 жылы Ақмола облысының жолшылары Нұр-Сұлтан-Петропавл (Көкшетау қ.арқылы) автожолының 6,5-шақырымдық учаскесін қайта жаңартты. 96 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол бойындағы сервистің 6 жаңа нысаны орнатылды.
Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасының көрсеткіші 24%-ға төмендеді.