icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Павлодар облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: 

-  А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» 1206-1381 

-  Р- 4  «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» км 205-235 

-  М-38 «РФ шекарасы (Омбы) – Майқапшағай» (Павлодар-Омбы) км 191,5-390. 

-  М-38 «РФ шекарасы (Омбы) – Майқапшағай» (Павлодар-Семей) км 419-587. 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады.   

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Екібастұз қаласы 01.03.2021ж., 10:00, Екібастұз қ., Абай көш. 121А, ОДК «Кайнар» 

Ақсу қаласы 01.03.2021г., 15:00, Ақсу қ, Астана көш., 37, Акимат  ғимарат 

Павлодар қаласы 02.03.2021г., 10:00, Павлодар қ., «Колос» мәдениет үйі, Астана  көш.,156 

Теренкөл ауданы 03.03.2021г., 10:00, Теренкөл ауылы, Тауелсiздik көш. 230, мәдениет үйі 

Железин ауданы 03.03.2021г., 15:00, Железин ауылы, Ауэзов көш. 10, (актовый зал) 

Аққулы ауданы 04.03.2021г., 10:00, Аққулы ауылы, Баймолдин көш. 6, аудандық кітапхана  

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жай: «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ  Павлодар ОФ pavlodar.info@qaj.kz 

Инвестор:  «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz   

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Павлодар қаласы, Ломов көш., 180 (2 этаж), «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ  ПавлодарОФ.   

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87.                      

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: pavlodar.info@qaj.kz,  info@cvtech.kz  

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» 

Директоры Асматуллаев Р.Б. 

Әзірлеуші: Филатов Д. 

Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.