icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Алдын ала іріктеуге қатысуға шақыру

26 км Атырау қаласын айналып өту жолын реконструкциялау құрылыс жұмыстары 

Жоба Атауы: Атырау-Астрахань Автожолы 

ЕБРР проектінің ID: 50382 

Мемлекет: Қазақстан 

Тапсырыс берушінің атауы: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 

Электрондық ID ECEPP: 15015160 

Сатып алу бойынша тапсырма атауы: 26 км Атырау қаласын айналып өту жолын реконструкциялау құрылыс жұмыстары 

Сатып алуға арналған тапсырманың сипаттамасы: 26 км Атырау қаласын айналып өту жолын реконструкциялау құрылыс жұмыстары 

Сатып алу түрі: Құрылыс жұмыстары 

Сатып алу тәсілі: Алдын ала іріктеумен ашық бір кезеңді тендер 

Сектор: Көлік 

Хабарлама түрі: Алдын ала іріктеуге қатысуға шақыру 

Жарияланған күні: 10/02/2021 

Хабарландыру күні: 11/02/2021 

Ашу күні: 29/03/2021 

Алдын ала іріктеуге қатысуға шақыру 

1. Қаржыландыруды нақтылау 

Жоғарыда аталған Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген келісім-шарттың құнын жабу үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (бұдан әрі -ЕҚДБ немесе Банк) берген қарыз қаражатының бір бөлігін пайдалануға ниетті. 

2. Сатып алуды өткізу туралы ақпарат 

Конкурс Банктің сатып алу саясаты мен ережелерімен реттелетін болады және егер конкурстық құжаттамада өзгеше көрсетілмесе, кез келген елдің компанияларының қатысуы үшін ашық болады. Сатып алу түрі мен сатып алу тәсілі жоғарыда көрсетілген. Сатып алу рәсімінің толық сипаттамасын ECEPP порталында құжаттамадан және тегін табуға болады. Құжаттама мынадай ақпаратты қамтиды: егжей-тегжейлі техникалық және қаржылық талаптар; лот бойынша кез келген ақпарат; күтілетін нәтиже; біліктілік талаптары; келісім-шарттың басталу күні; келісім-шарттың жоспарланған ұзақтығы; жауап бойынша кез келген талаптар; кез келген басқа тиісті ақпарат. Сатып алудың бұл рәсімі клиенттер үшін ЕҚДБ (ECEPP) Электрондық сатып алу порталын пайдалану арқылы жүргізілетін болады. Әлеуетті қатысушылар төмендегі сілтемені немесе "мүмкіндіктерге қол жеткізу" батырмасын басу арқылы сатып алу рәсіміне қол жеткізе алады (осы хабарламаны ECEPP-те қараған кезде). Тіркелген қатысушылар жүйеге кіріп, құжаттамаларға тез арада қол жеткізе алады, ал тіркелмеген қатысушылар қысқа тіркеу аяқталғаннан кейін қол жеткізеді: https://ecepp.ebrd.com/respond/72CJ7EFSC3 

3. Басқа ақпарат 

Жобаның техникалық сипаттамалары бойынша қосымша ақпараттарға конкурстық құжаттаманың 2.1-ші «Талаптар» бөлімінде қол жеткізуге болады. 

4. Тапсырыс берушінің мекенжайы 

Тапсырыс берушінің мекенжайы тек ақпарат үшін беріледі. Мүдделілік туындаған кезде қол жетімді сілтемелерді пайдалана отырып, құжаттарға қол жеткізуге болады. Қатысушылар Тапсырыс берушімен байланыс жасау үшін ECEPP хабарлама орталығын пайдалануы тиіс. 

Наргиз Навои Займ басқармасы 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 

«Изумрудный квартал» бизнес орталығы, 

Қонаев көшесі, 10 

Нұр-Сұлтан 010000 

Қазақстан 

Тел. +7 707 543 4096 

Email: nargiz.navoi@qaj.kz