icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Қостанай облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: 

- М-36 "Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы" 374-540 ш.; 

-  Р-36 "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 7-232 ш. 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады.   

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: Қостанай қаласы - 2021 жылғы 01 наурызда, сағат 10: 00 (жерг. уақыт), Қостанай қаласы, Қостанай қаласы әкімдігінің ғимараты, 302 каб. Конференция залы, Пушкин көшесі, 98 үй. Қостанай ауданы - 2021 жылғы 01 наурызда, сағат 15: 00 (жерг. уақыт), Тобыл қаласы,  "Золотой колос" мәдениет үйінің ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, №65. 

Федоров ауданы - 2021 жылғы 02 наурызда, сағат 10: 00 (жерг. уақыт), Федоров кенті, "Жастар" мәдениет үйінің ғимараты, Гоголь көшесі 15. 

Қарабалық ауданы - 2021 жылғы 02 наурызда, сағат 15:00 (жерг. уақыт), Қарабалық кенті, мәдениет үйінің ғимараты, Космонавтар көшесі №33. 

Әулиекөл ауданы - 2021 жылғы 03 наурызда, сағат 10:00 (жерг. уақыт), Әулиекөл кенті, мәдениет үйінің ғимараты, Баймағамбетов көшесі №27. 

Қарасу ауданы - 2021 жылғы 04 наурызда, сағат 10:00 (жерг. уақыт), Қарасу кенті, музыка мектебінің ғимараты, А. Исаков көшесі №75.   

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: 

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz Инвестор:  «Computer Vision Technologies”ЖШС info@cvtech.kz   Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Қостанай қаласы, М. Хакимжанов көшесі 7 (4 қабат), "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ Қостанай облыстық филиалы.   Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 7172 64 87 87.                      

 Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, saule.yelenova@qaj.kz.   

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков   

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.