Былтыр Ақтөбе облысының жолшылары қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарының аясында 178 шақырым автожолды жаңартты. Олар жол жабынының төменгі және жоғарғы қабатын, сигналды бағаналар мен шу жолақтарын орнатты. Сондай-ақ, қоршаулар жөнделіп, жол белгілері ауыстырылды.
Тас жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында М-32 "РФ шекарасы (Самара) - Шымкент" автожолының 837-шақырымында алғаш рет жаяу жүргіншілерге арналған лазерлі-проекциялық жол өткелі орнатылды. Жыл сайын бояуды қажет етпейтін жолақтарды 4 жылға дейін пайдалануға болады.
2021 жылы жолшылар "Қандыағаш-Мақат" автожолының 214 шақырымын қайта жаңартып, ұзындығы 89 шақырым "Ақтөбе-Қандыағаш" учаскесіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастырады.
Сонымен қатар, "Орталық-Батыс" дәлізіне қарасты "Нұр-Сұлтан-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар-Қандыағаш" автожолының жобалық-сметалық құжаттары дайындалады. Бұл автожол батыс пен орталық өңірлерді өзара байланыстырып, республикалық автожолдар желісінің жүктемесін реттеу тиімділігін арттырады. Оның Ақтөбе облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 517 шақырымды құрайды