icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Ақмола облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: 

- М-32 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Нұр - Сұлтан арқылы» 853 – 1247 км; 

- Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232 – 260 км; 

- Р-13 «Жақсы – Есіл - Бұзылық» 0-82 км; 

- А-16 «Жезқазған - Петропавл» 536-550 км; 

- Р-4 «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» 16 - 205 км. 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тестілік тәртіпте енгізу жоспарланған. Аталған учаскелерде көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Есіл ауданы -  2021 жылғы 05 наурыз, сағат 10: 00 (жерг. уақыт), Есіл қаласы, Есіл ауданы, Есіл ауданының әкімдігі, акт залы, Қонаев көшесі, 6. 

Жақсы ауданы - 2021 жылғы 05 наурыз, сағат 15: 00 (жерг. уақыт), Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Аудандық мәдениет үйінің ғимараты, Дружба көшесі 14 А. 

Атбасар ауданы - 2021 жылғы 09 наурыз, сағат 10: 00 (жерг. уақыт), Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Атбасар ауданының әкімдігі, Үлкен зал, Ш. Уәлиханов көшесі, 9. 

Астрахан ауданы - 2021 жылғы 10 наурыз, сағат 10: 00 (жерг. уақыт), Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Астрахан ауданы әкімдігінің ғимараты, үлкен мәжіліс залы, Әл – Фараби көшесі, 50 

Целиноград ауданы -  2021 жылғы 11 наурыз, сағат 15: 00 (жерг. уақыт), Целиноград ауданы, Талапкер ауылы, Мектеп, Әуезов көшесі, 11 

Ерейментау ауданы -  2021 жылғы 12 наурыз,сағат 10:00(жерг.уақыт), Ерейментау ауданы, Ерейментау ауданы мәдениет үйі ғимараты кіші зал, Уәлиханов көшесі 43 Г., 2 қабат 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС info@cvtech.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 193, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Ақмола ОФ. 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, akmola.info@qaj.kz. 

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.