icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Республикалық трассаларды көктемдегі су тасқынына дайындау туралы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы У.Т. Әліповтің басшылығымен облыстық филиалдар және мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті. Жиын барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көктемгі тасқын суларды өткізу дайындығы туралы талқыланды. Атап айтқанда, осы табиғи құбылыс кезеңіне жолдарды дайындау үшін арнайы жоспар бекітіліп, су тасқынына қарсы жедел қимылдау комиссиялары құрылды. 

Автожолдардың су тасқыны қаупі бар 464 учаскесі ерекше бақылауға алынып, ол жердегі 53 көпір және 728 су өткізу құбырларының техникалық жағдайы пысықталды. Аталған осы жол телімдерінде қажет кезінде іске қосылатын 800 бірлік жол-пайдалану техникасы бекітілді. 

Сондай–ақ, су тасқынына бөгет болатын қосымша материалдар - құм, тас, қиыршық тас, қаптардың мөлшері мен көлемі сөз болды. Ауа-райының климаттық жылылығына орай оңтүстік өңірлерде су өткізу құбырлары мен арналардың тетіктері және көпір асты аймақтары қардан тазартылды, ал солтүстік өңірлерде осы бағыттағы жұмыстар енді бастау алады. 

Республикалық трассаларда төтенше оқиғалар туындаған жағдайда 1403 тәулік бойғы Call - орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.