icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тыңдаулар өтеді

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді: 

 • М-38 «РФ шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (ҚХР шығу) Павлодар, Семей қалалары арқылы», 587-733, 756-906. 

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі. 

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады. 

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны: 

Семей қаласы - 05 наурыз 2020 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), «Қазақавтожол» ЖШС-нің ШҚО филилалының №26 жол-пайдалану учаскесінің ғимараты, мекен-жайы: Широкая көшесі №67. 

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы - 05 наурыз 2020 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), аудандық Мәдениет үйі ғимараты, мекен-жайы: Әуезов көшесі №11 

Жарма ауданы, Шар қаласы - 09 наурыз 2020 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Шар қаласының әкімшілігі ғимараты, мекен-жайы: Қобдықов көшесі №3 

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы - 09 наурыз 2020 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Қалбатау ауылының әкімшілігі ғимараты, мекен-жайы: Достық көшесі №119 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы: «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы dpad@qaj.kz Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС info@cvtech.kz 

Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай: Өскемен қаласы, Буров көшесі, 67 (2 қабат), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы. 

Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87. 

Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, vko.info@qaj.kz. 

Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері: Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» Директоры Асматуллаев Р.Б. Әзірлеуші: Филатов Д. 

Инвестор: «Computer Vision Technologies»ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков 

Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.