icon
Қаріп өлшемі: A A A
Суреттер:

Вкл

Выкл


Жаңалықтар

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында, ИИДМ мен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ республикалық автожолдарды жол бойындағы сервис нысандарымен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруда

ҚР ИИДМ мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2020 жылы желілік жанар-жағармай құю бекеттерінің (Compass, Gas Energy, Qazaq Oil, Sinooil, Helios, M-36, КазТрансГаз, Asia Oil и Оператор ЭЗС) өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, ҚР 2476-2014 СТ Ұлттық стандартына сәйкес 134 заманауи жанар-жағармай құю бекеттерін орнату және жол бойындағы сервис нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын жасады. 

Аталмыш заманауи бекеттердер жол бойындағы түрлі қызметтер кешені ұсынылады. Мәселен, электромобильдерді қуаттау, қоғамдық дәретханалар, жуыну бөлмелері, фаст-фуд, супермаркеттер, автотуристерге арналған қонақ үйлер, күзеті бар тұрақтар және т.с.с. 2020 жылы осындай типтегі 15 Жанар-жағармай құю бекеті орнатылған. 

Құрылыс қарқынын арттыру үшін бірлескен дайындық жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдың 19-ақпан күні желілік жанар-жағармай құю бекеттері өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Ақыловтың қатысуымен өткен кездесуде жол бойындағы сервис нысандарының құрылысын жылдамдату мақсатында аудандық, облыстық әкімдіктерде жиналыстар өткізіп, жұмыс сапарларын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. 

Мұндағы басты мақсат: жер учаскелерін анықтау, жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізу, қажетті келісімдерге қол жеткізу, инженерлік коммуникацияғы қосылатын учаскелерді белгілеу және қажетті техникалық шарттарды алу.